Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Жоспарлы семинар өткізілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 24.10.2023 1226 0 пікір
Павлодар: Жоспарлы семинар өткізілді

ҚМДБ Діни оқу-ағарту бөлімінің тапсырмасымен Павлодар облысы өкілдігінің дін қызметкерлеріне арнайы жоспарланған екінші семинар өтті.

Семинардың біріншісі Рамазан айынан кейін көктемде өткізілген еді. Ал екіншісі жуырда Павлодар қалалық «Қасым қажы» мешітінде басталып, оған қала, аудан, ауыл мешітінің дін қызметкерлері мен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері қатысты.

Семинар дәрісті «Нұр Мүбарак» университетінің проректоры, танымал ғалым Қайрат Құрманбаев және аталмыш оқу ошағының оқытушысы, уағызшы ғалым, ұстаз Рахымжан Әкімбеков жүргізді.

Ғалым-ұстаздар павлодарлық имамдарға Хадис ілімі және Тәпсір білімі бойынша жан-жақты мағлұматтарды қамтыған кең көлемде сабақ жүргізіп, тыңдаушылар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жан-жақты жауап берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру