Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулық дін мамандары мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.10.2023 1047 0 пікір
Атыраулық дін мамандары мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді

Атырау қаласындағы №16 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушылары дін мамандарымен кездесті.

Облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен «Шапағат» қоры ұйымдастырған кездесуде өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында насихат айтты.

«Халқымызда «Өткенді білмей, болашақ жоқ» деген сөз бар. Жас буын ең алдымен халқымыздың тарихымен, жүріп өткен жолымен сусындап өсуі керек. Тамырынан ажырамаған ұрпақ жаһандану дәуіріне жұтылып кетпейді. Ұлттық код дегеніміз не? Ұлттық код дегеніміз – дініміз, тіліміз, салт-дәстүр, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық тәрбие. Сондықтан, осындай нәзік мәселелерге көбірек көңіл бөлу керек» деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру