Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Dintellect» интеллектуалды білім сайысы өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 24.10.2023 908 0 пікір
Қызылорда: «Dintellect» интеллектуалды білім сайысы өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігі, қалалық «Мүсірәлі ата» мешіті және Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «DINTELLECT» интеллектуалды білім сайысы өтті.

Облыстық Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған білім додасында Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайысына Қызылорда облыстық өкілдігіне қарасты аудан және қала мешіттерінің жастарынан құралған 20 топ қатысып,  жалпы эрудицияға, ислам тарихына, пайғамбарлар және сахабалар өміріне, Қазақстан және әлем тарихына, салт-дәстүрге және әдебиетке негізделген түрлі форматтағы сұрақтардан тұратын  6 кезең бойынша сынға түсті. 

Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Алдажар», «Қарауылтөбе», «Сырдария» топтары үздік деп танылып,  100 000 теңге, 70 000 теңге, 50 000 теңге көлеміндегі бәйге жүлдесін қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, белсенділік танытқан «Арал», «Қармақшы», «Әл-Уәли» командаларына 20 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, облыстық деңгейдегі доданың бас жүлде иегері – «Алдажар» тобы «DINTELLECT» сайысының республикалық кезеңіне жолдама алды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру