Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ерекше балалар садақ ату сайысына қатысты

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 23.10.2023 1141 0 пікір
Ерекше балалар садақ ату сайысына қатысты

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры елордадағы «Садақ ату орталығында» ерекше балалар арасында садақ ату сайысын өткізді.

Сайысқа қала бойынша балаларды оңалту орталықтарының тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысты. Ойын барысында орталықтың садақшылары балаларды сайыс ережесімен таныстырып, садақты дұрыс ұстап атуға жәрдем етіп, қолдау көрсетті. Балалар садақ ату сайысынан оң әсер алып, ерекше шаттыққа бөленді. 

Спорттық шара соңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы қатысушы балаларды құттықтап, қаржылай жүлделермен марапаттады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру