Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда «Ізгілік жаршысы» рухани мәуліт кеші өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 22.10.2023 774 0 пікір
Таразда «Ізгілік жаршысы» рухани мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірге келген мүбәрак айдың құрметіне «Ізгілік жаршысы» рухани мәуліт кешін өткізді. 

Тараз қаласының орталық «Баласағұн» концерт залында өткен шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды. Құранды «"Һибатулла Тарази"» мешітінің наиб имамы Әбжаппар Әмір жүректерге жеткізіп оқыды. Іс-шараны өңірінің тумасы, өнерлі азаматтары жүргізіп, аталы сөзбен жиынды бастап, көпшілікпен бірге Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты. Алла елшісіне арнап салауат жыры екі тілде орындалды. Мәуліт жырын "Усмонжан баба" мешітінің имамы Ораз Баймаханов, дәстүрлі орындаушы Мәдіхан Тәжиев және "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттері мен қарилар курсының шәкірттері орындады. Ал Жамбыл облысының «Әжелер алқасы» шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді. 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың сауабы мен маңызы жайлы көркем насихат айтты. 

Өнерпаздар Алла елшісіне арнап бірнеше сазды ән, термелерін жолдады. Абай атындағы педагогикалық колледжінің студенттері ғибратқа толы қойылымдар қойып, көрерменге керемет әсер қалдырды. Жан дүниеңді түршіктіретін Алла елшісіне арнау өлеңдер мен көзге жас алғызған әсерлі монологтар оқылды. "Һибатулла Тарази" медрсе-колледжінің қари шәкірті Жансерік Амангелді жүрек жарды өлеңін оқып, көрерменге терең әсер қалдырды. 

Жиналған көпшілік қосыла салауат айтып, рухани жиынның мәні кірді. Барлық рухани кешке келген қонақтарға мешіттің арнайы құттықтауы жазылған пакеттермен мәуліт айында салауат айтуға арналған  тәспілер мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өмірбаяны жайлы кітап сыйға тартылды. 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ортаға шақырылып, жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, насихатын айтып, сөз сөйледі. Бас имам дін саласына үлесін қосып жүрген Билер алқасы мен Ардагерлер кеңесінің қарияларына разылығын айтып, алғыс хаттармен марапаттады. 

Сахнаға көпбалалы, әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларды шақырып, 4 жанұяға қаржылай көмек берді. Мәуліт кешінен қайырым ретінде 1 отбасыға баспана кілті де табысталды. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 689-баспана кілті табыстап, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру