Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Уақып» қорының «Руханият» дүкені ашылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 22.10.2023 1202 0 пікір
Ақтөбе: «Уақып» қорының «Руханият» дүкені ашылды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында ҚМДБ «Уақып» қорының «Руханият» діни дүкені пайдалануға беріліп, ашылу салтанатына бас имам Серікжан Еншібайұлы мен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы қатысты.

«Тарихтан Әбу Талханың (Алла оған разы болсын) туыстарына арнайы уақып жасағаны жөнінде жақсы білеміз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне сыйға берілген бау-бақшаны уақып ретінде жұмсаған. Уақып – сарқылмас қазына екенінін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі дүкеннің ашылуы да  сауабы үзілмейтін игі істің жалғасы» деді облыстың бас имамы.

Мұсылман заттарын сататын діни дүкеннің ашылуына имамдар мен ақсақалдар қатысты. Айта кетсек, дүкеннен түскен қаржы Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының шәкірттерінің білім алуына жұмсалатын қажеттіліктеріне аударылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру