Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облыстық мешітінде Мәуліт жыры оқылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 21.10.2023 816 0 пікір
Жамбыл облыстық мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Қасиетті  жұма күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде адамзаттың асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне Мәуліт жыры оқылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері, оның мүбәрак өмірі жайлы тілге тиек етті.

Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті. Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы пен Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев мәуліт жырын оқып, әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)жұма намазына жиналған мешіт жамағаты бірігіп салауаттар айтты.

Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, Мұхаммед пайғамбарымызды шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін де көркем түрде жеткізіліп, жиналған көпшілікке тәттілер, тәтті нан мен құрма таратылды.

Қасиетті жұма күніне орайластырылған Мәуліт мерекесі осылайша жүректерге иман нұрын толтырып, Сүйікті Пайғамбарымызға деген сағыныш сезімін еселеді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру