Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Qamqor-Sharapat» жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» семинары өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 21.10.2023 831 0 пікір
Ақтөбе: «Qamqor-Sharapat» жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» семинары өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарына арналған «Qamqor-Sharapat» жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» семинар өтті.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен семинарға Астана қаласынан «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы келіп, зират және зиярат мәдениеті туралы, орталық жұмысы жайлы толығырақ баяндады. Шараға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов, имамдар, БАҚ өкілдері т.б қатысты.

Серікжан Еншібайұлы мен Мейрамбек Қабылбекұлы жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғаттағы шарттары қандай болу керектігіне егжей-тегжейлі тоқталды. Ал Мұрат Құлбергенов Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» кеңінең айтып, ғибадат үйлернен тыс жерлерде діни шараларды өткізудің тәртібі мен талаптарын түсіндіріп өтті.

Семинар қортындысында қатысушылар тақырып аясында сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Айта кетсек, орталық жұмысы және семинардың маңыздылығы туралы орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру