Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бөкейхан ауылында мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 21.10.2023 1392 0 пікір
Атырау: Бөкейхан ауылында мешіт ашылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылында 200 орындық мешіт ашылды.

«Салих ана» мешітінің ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, Бөкейхан ауылының тұрғындарын құттықтады.

«Мешіт – ұлы мәдениеттерге, адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылықтарды қасиеттей білуге тәрбиелейтін қасиетті орын. Мешіт қанша ғасыр тұрса, сол уақыт бойы сауап жазылып тұратынын ұғынған жұртшылық, қарапайым азаматтар мешіттің іргетасының қалынуына ат салысып қол ұшын созды. Азаны бар ауыл азбайды. Бүгінгі мешіт қоғамды, жас ұрпақты ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратын рухани орта болады деп сенемін» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жаңа мешітке Наурызбай Ерболатұлы Жалелов имам болып тағайындалды. Еске сала кетелік, облыс бойынша мешіттер саны 47-ге жетіп отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру