Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте қос кітаптың тұсаукесері өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 20.10.2023 1421 0 пікір
Шымкентте қос кітаптың тұсаукесері өтті

Діни басқармаға қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми кітапханасында ғалымдар Азамат Жамашев, Ернар Мәжен, Дорбетхан Жомарт бірлесіп дайындаған «Сайын даланың саңлақ ғұламалары» мен «Темірқазық: қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары, магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, ұстаз Анарқұл Сырманов, кітап авторларының бірі медресе ұстазы Дорбетхан Жомарт және дін саласы мамандары, шәкірттер қатысты.

Кітапқа елге белгілі ҚР ҰҒА академик ғалымдарымыз Ғарифолла Есім, Болат Көмеков және филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мұхиддинов арнайы пікір жазған.

Сондай-ақ, қос кітапқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істер комитеті мен ҚМДБ Сараптама бөлімінің оң сараптама қорытындысы берілген.

Кітап авторы Дорбетхан Жомарт қос кітаптың бірнеше данасын «Шымкент» медресе колледжінің ғылыми кітапханасына тегін табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру