Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Салауат айтудан жарыс өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 20.10.2023 1341 0 пікір
Ақмола: Салауат айтудан жарыс өтті

Алланың елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айында тағылымға толы шаралар өтті. Соның бірі – Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешіті шәкірттері арасында салауат айтудан өткен жарыс.

«Адамзаттың ізгісі – Әз Мұхаммед» атты салауат айту жарысына он бес шәкірт қатысты. Жарыстың талабы бойынша шәкірттер он күн бойы үзбей Пайғамбарымызға салауат айтуы тиіс.

Сөйтіп, бас жүлде Бекжан Сүлейменге бұйырды. Ол 67000 салауат айтқан екен. Ал сәйкесінше 50933 және 45000 салауат айтқан Ерлан Аманғабылұлы мен Алмас Құрбановтар жүлделі екінші және үшінші орындарды иеленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру