Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам Зайсанда жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 20.10.2023 1033 0 пікір
ШҚО: Бас имам Зайсанда жиын өткізді

ҚМДБ жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО өкілдігі «Насихат апталығы» атты акция жариялады. Апталықтың шеңберінде облысқа қарасты аудан имамдарын әр аудандарға топтап жиын, семинар өткізу қарастырылған.

Осы мақсатпен Зайсан ауданы орталығында «ҚМДБ бағыттары және насихат» семинары өтті. Басқосуға Зайсан және Тарбағатай аудандарының имамдары қатысты. Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен семинарда бес бағыт бойынша жұмыстар және қабылданған бірқатар құжаттарды насихаттау барысы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар Діни басқармадан бекітілген жылдық жұмыс жоспарының атқарылуы жайлы баяндалды.

«ҚМДБ негізгі жұмыстың бес бағытын бекіткен болатын. Әр бағыт бойынша уақытылы есеп беріп, іс-шараларды жүйелі атқарылды. Сонымен қатар қабылданған құжаттарды халық арасында барынша насихаттаумыз керек. Білім беру, жат ағымдармен күрес, дін мен дәстүр сабақтастығын назардан тыс қалдыруға болмайды. Мешіттердың қысқы әзірлігін де бақылап, халыққа мінсіз қызмет көрсетуіміз маңызды» деп атап өтті облыс бас имамы Ермек Қасболатұлы.

Бас имам сонымен қатар өкілдіктің биылғы атқаратын іс-шаралары жайлы да айтып өтті. Ермек Қасболатұлы жиында имамдарға «ҚМДБ қызметкерлерінің қызметтік әдебін» барынша сақтауды тапсырды.Сондай-ақ аудан, ауыл имамдарына зират әдебі, жаназа және жерлеу рәсімдерін бір қалыпқа түсіру, науқандарда ысырапшылдыққа жол бермеу қатарлы мәселелерде жергілікті ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып, облыстық «Ақсақалдар форумы» шешімдеріне сай насихат жүргізіп іске асыруды тапсырды. Аудан имамдары әр бағыт бойынша атқарған шараларын ортаға салып, пікір-ұсыныстар тыңдалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру