Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті

muftyat.kz 19.10.2023 967 0 пікір
Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті

Кеше Астанадағы «Бейбітшілік пен келісім сарайында» Рухани келісім күні мен Республика күніне арналған халықаралық конференция өтті.

Зәулім нысанның «Бесік» залында өткен шараның пленарлық отырысында «Рухани келісім – қазіргі қоғамның сын-қатерлері жағдайындағы бейбітшілік пен бірліктің негізі» тақырыбында әңгіме өрбіп, оған Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов, елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен, Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Рухани келісім күні идеясының авторы, ҚР Еңбек сіңірген қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі Қоңыратбаев, сондай-қа діни бірлестіктердің басшылары, еліміздегі дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ Ливан, Германия және Ресейден делегаттар қатысты.

Қонақтар өз сөздерінде осы мерекенің ерекше маңыздылығын және оның Республикамыздағы бірлік пен әл-ауқатты сақтаудағы жеке рөлі туралы айтты. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бейнеқұттықтауы назарға ұсынылып, Діни басқарма атынан қатысқан наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтады.

Конференция Бейбітшілік және келісім сарайының «Опера» залында салтанатты гала-концертпен жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру