Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Салттық қызмет көрсету жөнінде жиын өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 19.10.2023 976 0 пікір
БҚО: Салттық қызмет көрсету жөнінде жиын өтті

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаевтың бастамасымен «Салттық қызмет көрсетудегі бірізділік мәдениеті» тақырыбында имамдарға арналған жиын өтті.

Жиынға ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы қатысып, аталмыш орталық жұмысын таныстырды. Атқарылған жұмыс есебін бейнебаян арқылы толықтай түсіндірді.

Орал қаласының имамдары қатысқан жиында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өңірдегі жұмысы талқыланды. Қала мешіттерінің имамдарымен ақылдаса отырып жер мәселесі, мәйіт таситын көлік, мешіттің жанынан мәйітхана мәселелері қарастырылды. Имамдар көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру