Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бөлім меңгерушісі студенттермен кездесті

muftyat.kz 19.10.2023 852 0 пікір
Бөлім меңгерушісі студенттермен кездесті

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Астанадағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінде студенттермен «Құмар ойын – қоғам қасіреті» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Хасан Ташайұлы ойынқұмарлықты шариғатымызда тыйым салынған істердің бірі ретінде атап, бұл істердің адамның өзіне де, қоғамға да тигізетін зияны мен қауіпі өте үлкен екенін түсіндірді.

«Бүгінде ойынқұмарлық (лудомания) ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылған, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар. Одан құтылу үшін құмар ойыншыға бұл істің күнә әрі зиянды екенін және салдарын түсінтіру, бұл істің өзіне де, отбасына да зиян тигізетінін айту, құмар ойынымен айналысуға жол бермеу үшін оны бес уақыт намаз оқуға үйрету, жиі мешітке алып бару, спортпен айналысу, басқа орталармен араласу секілді істерді жүзеге асыру өте маңызды» деді бөлім меңгерушісі.

Студенттер де көкейлерінде жүрген сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, көкейтесті мәселелерді талқылаудан тысқары қалмады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру