Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Нұрлы» мешітінде Мұхамед Пайғамбарымыз (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) туған ай құрметіне мәуліт оқылды.
Мешіт жамағатына арнайы жайылған Мәуліт дастарханы Құран тіләуәтімен ашылып, адамзаттың Ардақтысы Пайғамбарымызға салауат айтумен жалғасты. Рухани басқосуға арнайы шақырылыған ұстаздар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен дініміздің асыл құндылықтары жайлы уағыз-насихат айтты.
Сұрақ-жауаптар ұйымдастырған мешіттің бас имамы Қасым Әшімов белсенді қатысқан жамағатқа кітаптар сыйға тартты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
19.10.2023
2574
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру