Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 18.10.2023 1072 0 пікір
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан мүбәрак айдың құрметіне мәуліт жыры оқылып, салауаттар айтылды.

Игі шараға мешіт имамдары, ақсақалдар мен жамағаты қатысты. Рухани шара барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жиналған жұртшылыққа  қасиетті Мәуліт айы туралы түсінік берді.

«Мәуліт – пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашып, қараңғы әлемге қуаныш нұрын ала келген күн. Пайғамбарымыз Мекке мен Мәдинаға келгенде қалалықтар Оны (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Толықсыған ай туды» деп қуанысып, жолын сарыла күтіп қарсы алған болса, Пайғамбарымыздың туған күнін біз де Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тамаша қасиеттерін, көркем мінезін еске ала отырып, атап өткеніміз жөн» деді облыстың бас имамы. 

Айтулы мерекеге жиналғандарға екі қазақ үй тігіліп,жиналған жамағатқа арнайы дастархан жайылып, ас берілді.Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру