Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: «Пайғамбарға (ﷺ) сағыныш» мәуліт кеші өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 18.10.2023 837 0 пікір
Абай: «Пайғамбарға (ﷺ) сағыныш» мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Абай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Пайғамбарға (ﷺ) сағыныш» мәуліт кеші өтті.

Ізгілікке толы кездесуге семейлік әйел жамағаты жиналды. Рухани кеште облыстың Бас имамы Асқар Әбітайұлы Мәуліт айының ерекшелігі мен асыл дініміздегі әйел адамның орны жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар, мәуліт кешінде Аллаға мадақ, ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, мәуліт жыры оқылды. Тағылымы мол көріністер қойылып, жиналған әйел жамағатымен Алла елшісіне қатысты викториналық сұрақ-жауап өткізілді. Сүннет амалдарын айтудан жарысқан қыздардың жүзден жүйрік атанғандары бағалы сыйлықтарға ие болды. Осылайша, кешке жиналған құрметті қонақтар адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еске алып, сағынышын басты. Жиын барысында қатусушылар арасында көп салауат айтып, көпшілікті озған жанға алда өткізілетін мәуліт кешіне билет сыйға берілді.

Кеш соңында облыстық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы мәуліт мерекесімен құттықтап, кештің өткізілуіне атсалысқан жандарға алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру