Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қазан айының 19-жұлдызында елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында «Ізгілік жаршысы Әз Мұхаммед ﷺ» рухани Мәуліт кеші өтеді.
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен тәлім-тағылымы жырланып, сансыз салауаттар жолданатын сауапты кеште түрлі сахналық қойылымдармен қатар, ғибратты насихат айтылып, ән мен жырдан шашу шашылмақ.
Айтулы кешке елімізге белгілі өнер жұлдыздары және Астана қаласы театрларының, атап айтқанда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Жастар және Аstana Musical театрының актерлері өз өнерлерін паш етіп, түрлі тақырыптардағы қойылымдар ұсынады.
Кеш аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық «Дін мен дәстүр» мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер сахна төрінде марапатталатын болады.
Билеттерді Астана мешіттерінен сатып алуға болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігі
muslim.kz
18.10.2023
2476
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру