Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының ғимаратында бірлескен алқалы жиын өтті.
Жиынға облыс бас имамы Ержан Сматұлы, қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы және Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бахытбайұлы, ақсақалдар қатысты. Басқосуда Түркістанды рухани, өркениетті дамыған шаһар ету бағытында көтеріліп жүрген игі бастаманың орындалуы туралы сөз қозғалып, ашық талқылау жүргізілді.
Түркі халықтарының рухани астанасына айналған киелі қаланы көпшілікке үлгі ретінде ұсыну мақсатында құмар ойындары мен алкагольді ішімдіктерден, зиянды әрекеттерден бас тартатын ортаға айналдыру керектігі айтылды.
Сөз соңында тараптар қазыналы қариялармен сүбелі сұхбат жүргізіліп, өркениетті қоғам қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыстар атқаруға уағдаласты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
17.10.2023
2594
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру