Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 17.10.2023 1417 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДАДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ

Қызылорда қаласында дін қызметкерлерін кезекті республикалық аттестаттау басталды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, имамдардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру, үздіксіз ізденісте болуға ынталандыру - діни басқарманың басты назарынан түскен емес. Осы ретте аттестаттаудың негізгі мақсаты – ҚМДБ діни қызметінің кадрлық құрамын қамтамасыз ету, имам-молдалардың білім сапасын көтеріп, функционалдық міндеттерін іске асыруда тұлғалық және кәсіби дайындығын арттыру.

Сыр өңірінің дін қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу ниетімен аймағымызға арнайы келген комиссия алдымен қызылордалық имамдармен кездесіп, емтиханға сәттілік тіледі. Комиссия құрамында: төрағасы – Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі, Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Берікбол Мергенбайұлы бар.

Төрт күнге созылатын аттестаттау екі кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңі ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша компьютерлік тестілеу жүйесі болса, екінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен концептуалды құжаттар бойынша сұрақтарға ауызша жауап береді.

Айта кетейік, үш жыл сайын өткізілетін республикалық аттестаттауға биылғы жылы облыс бойынша 250-ге жуық қызметкер қатысады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру