Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев – Атырау төрінде

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 17.10.2023 1446 0 пікір
Арман Қуанышбаев – Атырау төрінде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық насихат тобы және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Балаби қари» қарилар даярлау орталығының директоры белгілі ұстаз Арман Қуанышбаев Атырау облысына іссапармен келді.

Алдымен РАНТ мүшесі «Иманғали» орталық мешітінде өткен «Сөз сөйлеудің мәдениеті» тақырыбында асабаларға семинарға қатысып, насихат айтты.

«Қазір тойларда көптеген олқылықтар орын алып жатады. Әсіресе асбалар тарапынан дін мәселесіне қатысты сүзгіден өткізбей сөйлей беретін тұстарын көріп жүрміз. Дін туралы қандай да бір насихат айтқыңыз келсе дін маманымен кеңесіп, дұрыс-бұрысын анықтап алғаныңыз жөн» деп атап өтті. Семинар барысында асабалар қоғамдағы көптеген келелі мәселер туралы сұрақ қойып, жауап алды.

Бұдан кейін ұстаз Арман Қуанышбаев «Azan» радиосына және «Amin.kz» медиа студиясына сұхбат берді. «Діни психология» тақырыбында сұхбат берген ол қоғам мүшесі болудың маңызы мәселесіне тоқталды.

«Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады. Бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер, тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүние танымынан, сенімінен, талғамынан, мұратынан, бағытынан, қабілетінен, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайының жемісі. Ол әлеуметтік ортада, белгілі қоғамда колективте ғана қалыптасады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты, қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес» деп атап өтті ұстаз Арман Қуанышбаев.

Сондай-ақ сапар аясында Ғұламалар кеңесінің мүшесі Арман Баймаханұлы Атырау қаласындағы «Ықылас» мешітінің жанынан жұмыс істейтін «Дін мен дәстүр» бұрышының ашылу салтанатына арнайы қатысты. Қазақы нақышта әзірленген дін мен дәстүр бұрышында ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр насихатталады. Арман Баймаханұлы тілегін білдіріп, батасын берді. Орталықта жас жұбайлардың некесі қиылып, нәрестеге азан шақырып, ат қойылды.

Дін мен дәстүр бұрышы – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, қоғам тәрбиесіне атсалысатын алаң ретінде жұмыс істемек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру