Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ата-аналарды рухани қолдау орталығы ашылды

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 16.10.2023 1675 0 пікір
Ата-аналарды рухани қолдау орталығы ашылды

Елордада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен ерекше балалардың ата-аналарын рухани қолдау орталығы ашылды.

«Зекет Hub» қайырымдылық орталығында өткен «Ерекше балалардың ата-аналарын рухани қолдау» орталығының ашылу салтанатына арнайы мамандар мен Астана қаласындағы балаларды оңалту орталықтары тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты.

Отырыс барысында ата-аналарына мүмкіндігі шектеулі балаларының болашағына сенімін нығайтып, өмір сүру сапасын жан-жақты жақсарту мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілді.

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлының айтуынша алдағы уақытта «Ерекше балалардың ата-аналарын рухани қолдау» орталығы ерекше балалары бар ата-аналарға аталған бағытта жүйелі түрде көмек беріп отырмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру