Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Екібастұзда студенттерге арналған жатақхана ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 16.10.2023 1331 0 пікір
Екібастұзда студенттерге арналған жатақхана ашылды

Жуырда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Павлодар облысы Екібастұз қалалық мешіті жанынан студент жастарға арналған мүфтият жатақханасы ашылды.

Салтанатты шараға облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы, қаланың құрметті ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты. Бас имам құттықтау сөз сөйлеп, мүфтияттың қайырымдылық негізде еліміздің әр аймағынан студент жастарға арнап жатақхана ашып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, жатақхана сыйымдылығы 16 студентке арналған. Жатақханада оқу сыныбы, жатын бөлмесі, ұстаз болмесі, дәретхана, жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар жатақханада тәрбиеленушілерге бос уақыттарында қолөнер үйренетін шеберхана да қарастырылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру