Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Дүкендердегі діни кітаптар тексерілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 16.10.2023 1305 0 пікір
Шымкент: Дүкендердегі діни кітаптар тексерілді

Шымкент қаласындағы мешіт аумағында орналасқан діни дүкендердің кітаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстарын Шымкент қаласының бас  имам орынбасары әрі  ҚМДБ жанындағы діни сараптама бөлімінің Шымкенттегі жауапты өкілі Мұхамеджан Естеміров тексеріп, зерделеді.

Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі –  дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің  ғана сатылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ,  діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.

Айта кетсек, Шымкент қаласында мешіт аумағында жалпы саны 9 діни дүкен жұмыс жасап келеді. Өкілдік тарапынан тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру