Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА: ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕКІ МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 16.10.2023 1094 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА: ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕКІ МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Қызылорда облысының Жанақорған кентінде қос бірдей жаңа мешіт халық игілігіне берілді.

Мешіттердің ашылу салтанатына облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, кент тұрғындарын құттықтады. Бас имам әуелі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан салынған «Айқожа ишан» мешітінің ашылу рәсімінде болып, халықтың қуанышын бөлісті. Сыйымдылығы 250-300 адам болатын аталмыш мешіт жанынан 60 адамдық Қарилар дайындау орталығы, 600 адамдық асханасы салынған. Сондай-ақ, жоспар бойынша екі қызметтік үйдің құрылысы басталмақ.

Бұдан кейін Болатбек Ұласқанұлы Май бекеті мөлтек ауданында бой көтерген екінші мешіттің ашылу рәсіміне қатысты. 350-400 адамға арналған жаңа мешітке «Ықылас» атауы берілді. Мешіт жанында имамға арналған қызметтік үйі бар.

Айта кетейік, өткен жексенбіде Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылында да ел азаматтарының демеушілігімен 80 адамдық «Аранды» мешіті ашылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру