Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН КӨРМЕ

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 14.10.2023 1046 0 пікір
ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН КӨРМЕ

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте Мәуліт айының құрметіне Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертетін шағын көрме жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды.

Атап айтқанда, көрмеге Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қысқаша өмірбаяны, шежіресі баяндалған баннерлер, ардақты елшінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолымен байланысты мольберттегі суреттер, ол жақсы көрген тамақ өнімдері мен олармен байланысты хадистер, т.б. заттар қойылып, қос экраннан хадистер негізінде жасалған 3D форматындағы үйінің, Мәдина қаласындағы мешітінің бейнероликтері көрсетілуде.

Бас мешіт имамдары мен ұстаздары көрмеге кірген көпшілікке көрнекіліктердің көмегімен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертіп, құрма, миск, мисуәк, тәттілер секілді сыйлықтар, салауат буклеттерін таратуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру