Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Имамдар қарияларға құрмет көрсетті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 11.10.2023 1652 0 пікір
БҚО: Имамдар қарияларға құрмет көрсетті

Оралда БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен қарияларға арнайы дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

«Орал» медресе-колледжінің асханасында өткен берекелі отырыста Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб Саят Қанатқалиұлы мәуліт оқып, діни әндер шырқалды. Бұдан кейін облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы қарттарды мерекемен құттықтап, оларға сый-құрмет көрсетіп, алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тарту етті. Қариялар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, дұға тілектерін арнады. 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес» деген. Аталмыш шара «Айту ата» мешітінде жалғасын тауып, медресе директоры Талғат Мұратұлының бастамасымен, жеке кәсіпкердің оқу ошағында қолдауымен ұзақ жылдар қызмет еткен, Нұрсұлтан тәрбиешіге кіші қажылықтың жолдамасын бас имам Самат Қанатқалиұлы табыс етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру