Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына арналған семинар өтті

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 11.10.2023 1179 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына арналған семинар өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Астана қаласы өкілдігі және Діндерді зерттеу орталығының мамандарының бірлесе ұйытқы болуымен «Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы» тақырыбында қыз-келіншектерге арнайы семинар өтті.

Теолог мамандармен бірге психолог, гинеколог секілді медицина мамандары да баяндама жасап, тұшымды ақпараттарға толы өткен семинар жұмысына «Әзірет Сұлтан» мешітінің 20-ға жуық әйел жамағаты қатысты.

Атап айтқанда, семинар қатысушыларына «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы, Діндерді зерттеу орталығының психолог маманы Жанна Абдуалиқызы, Жоғарғы дәрежелі акушер-гинеколог Әкетаева Әсем Сағындыққызы, Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Талшын Зарқымқызы қажетті кеңестерін бөлісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру