Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Имани гүл» 20 жылдығын атап өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 11.10.2023 2093 0 пікір
Алматы: «Имани гүл» 20 жылдығын атап өтті

ҚМДБ Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдікке қарасты «Имани гүл» қыздар тәлім-тәрбие орталығының 20 жылдық мерейтойына қатысты.

Бас имам орталық меңгерушісі Жұмакүл Халилоллақызын 20 жылдық мерейтоймен құттықтап, руханият әлемінде дәстүрлі исламды насихаттап, дін үшін жасап жүрген еңбектеріне алғыс айтты. 

20 жылдық мерейтойға Астана қаласынан ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожа және «Әзіреті Сұлтан» мешітінің ұстазы Элмира Бұхарбаева арнайы келіп қатысты. Тәлім-тәрбие орталығына ақжарма тілектерін арнап, сый-сыяпат жасалды. Рухани кеш мәуліт мерекесін атап өтумен жалғасып, Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, иләһи әндермен әуеленді. Жасөспірімдер қатысуымен театрлық сахналық көріністер қойылып, қонақтардың ақ тілегі мен ақ жаулықты аналар батасына ұласты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру