Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 10.10.2023 1412 0 пікір
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

Елордада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Ерекше әлем» және «Ерекше өрнек» тақырыбында сурет байқауы өтті. 

«Зекет Hub» қайырымдылық орталығында көрме ұйымдастырылып, оған «Шабыт» университетінің студенттерінің көмегімен ерекше балалардың қолымен салынған суреттер қойылды. Байқау қорытындысы ретінде өткен көрмеде ерекше балалардың әлемге деген кіршіксіз ойы, маңайына деген ерекше көзқарасы, арманындағы бейнелер қағаз беттеріне түсіріліп, көпшілікке ұсынылды.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында мүгедектер күніне орай «Ерекше өрнек» тақырыбында өткен шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы екі байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру