Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау курсы ашылды

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 09.10.2023 1295 0 пікір
Емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау курсы ашылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Республикалық бас мешітте «Емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторларын даярлау» курсының ашылу салтанаты өтті.

Республикалық бас мешіт имамы Қанат Қыдырмин аталған шараға қолдау көрсетіп, арнайы құттықтау сөз сөйледі. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы өз кезегінде ерекше балаларға қайырымдылық көмек көрсету бағыты бойынша қордың алдағы уақыттағы жоспарын баяндады. Бұған қоса, қор басшысы логопедиялық үстел бойынша презентация өткізді.

Сонымен қатар, «емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау» курсы бойынша ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Өнеге» оңалту орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірқатар келіссөздер жүргізілді. Меморандум аясында емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау курстары өткізіліп, қорытындысы бойынша курстан өткен инструкторларға тиісті сертификаттар табысталмақ.

Семинар барысында ерекше балаларға арналған спорт секцияларын ашу жоспарланып, инклюзивті спорт зал құрудың моделі жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру