Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Шәкірттер «Ғибадат исламия» кітаптарын тәмамдады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 09.10.2023 1601 0 пікір
Шымкент: Шәкірттер «Ғибадат исламия» кітаптарын тәмамдады

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына орай көне түркі еңбектерді оқыту жұмыстары жалғасын табуда.

Шымкент орталық мешіті жанынан ашылған «Яссауи дүниесі» атындағы көне түркі кітаптарды оқыту орталығының ұйытқы болуымен Қаратау ауданы «Сайрам» мешітінде шәкірттер кезекті имандылық үйірмесін тамамдады. Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары әрі көне түркі еңбектерді оқыту орталығының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов, ұстаз Салахиддин Мухиддниов, Жаһангир қари және Әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Балжан Досжанова ұстаздар қатысып, төрелік етті.

Курс тәмамдаушылардың арнайы сынақ ретінде білім деңгейлері тексерілді. Нәтижесінде Фазилат Рахимшикова, Мухлиса Каримжанова, Зулфиар Ботабекова, Гозел Сидибекова, Маржан Бегалиева, Ділнора Сабыржанова, Мафтуна Хайтметова, Муқаддам Мирайдарова, Мухлиса Ирисметова, Мухая Мирзаева, Амина Сұлтанбекова, Зубайда Сұлтанбаева Фкруза Джуманова т.б. шәкірттер үздік атанды.

Жалпы үйірмені 200 шәкірт тамамдады. Курс барысында «Ғибадат исламия», «Устаз аууал», «Сопы Аллаяр» кітаптары тереңдетіліп оқытылды. Курс бағдарламасы екі айға арналған. Тағылымдамадан өткен шәкірттерге арнайы сертификат табысталады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру