Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Дүкендердегі діни кітаптар тексерілді

sunna.kz 07.10.2023 1144 0 пікір
Астана: Дүкендердегі діни кітаптар тексерілді

Мешіт жанында атқарылып жатқан жат ағымның алдын алу жұмысының бірі – ҚМДБ тапсырмасы аясында діни әдебиеттерді қадағалап отыру. Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас имамның қадағалауымен бұл үрдіс жыл бойы жалғасып келеді.

Кезекті шара аясында мешіт имамдары Ержан Ниязов мен Әбдіәлі Әбжанов құлшылық ордасының маңайында орналасқа діни бұйымдар сататын дүкендердегі кітаптарды тағы бір мәрте тексеріп шықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт маңындағы дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай діни еңбектердің  ғана сатылуын қадағалау. Сол арқылы дәстүрімізді күстаналайтын, діни сенімімізді бұра тартатын, халқымыздың бірлігіне нұқсан келтіретін деструктивті ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру