Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Медресе ұстаздарына құрмет көрсетілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.10.2023 1576 0 пікір
Шымкент: Медресе ұстаздарына құрмет көрсетілді

Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – Ұлы тұлға» мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараны «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай ашып, ұстаздардың ерен еңбегінің атап өтті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имам орынбасары, магистр Мұхамеджан Естеміров қатысып, медресе ұстаздарына ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы жолдаған құттықтау сәлемін оқып берді.

Айта кетсек, «Шымкент» медресе-колледжінің медресе-колледжінің директоры Талғат Шәйділләұлы ұстаздарға ризалығын білдіріп, өзінің арнайы алғыс хаты және Бас мүфтидың ұстаздарға арнайы жолдаған бір реттік қаржылай сыйақысын табыстады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру