Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Дәстүрлі садақ атудан сайыс өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 05.10.2023 1688 0 пікір
Абай: Дәстүрлі садақ атудан сайыс өтті

ҚМДБ Абай облысы өкілдігі «Дін мен дәстүр» бағытының аясында жергілікті «Алаш мергендері» садақшылар клубымен бірлесе садақ атудан облыстық деңгейде сайыс өткізді.

Екі күнге созылған додаға Абай облысының садақшыларымен қатар көршілес Өскемен қаласының мергендері де қатысты. Жалпы сайыста 80-ге жуық мерген өз бағын сынады. Ал, сайыстың басты ерекшелігі – Семей қаласын қазақтың ордасы еткен Алаш зиялыларының атынан өткізілуінде болды.

Жарыс ережесі бойынша ерлер 60 метрден Қалқан нысанасы және 30 метрден Жамбы ату, қыздар арасында 50 метрден Қалқан нысанасы және 30 метрден Жамбы ату сайыстары өтті. Әр номинация бойынша жеке-жеке жеңімпаздар анықталып, топтан озып шыққан сұрмергендеріміз қомақты жүлделермен марапатталды.

Ерлер арасындағы жеңімпаздар әр сайыс бойынша 1-орын – 150 мың тг, 2-орын – 100 мың тг, 3-орын – 50 мың тг, ал, қыздар арасындағы жеңімпаздар 70 мың, 50 мың және 30 мың тг ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, жарыс демеушілері және көрмермендердің қолдауымен «Тай тұяқ» ату сайысы өткізіліп, жеңімпаз мерген 100 мың тг ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

Бабалар дәстүрі мен Пайғамбар сүннеті болып саналатын ұлттық спорт додасын алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру