Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОРАЛДА АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 04.10.2023 1517 0 пікір
ОРАЛДА АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Орал қаласындағы «Достық үйінде» ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Қоғам және мұсылман келбеті» тақырыбында аймақтық конференция өтті.

Жиында алдымен Діни басқарманың 2023 жылы атқарған іс-шараларының бейнебаяны көрсетілді. Облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен облыстық дін істері басқарманың басшысы Талғат Рақымұлы сөз алып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Айтулы іс-шарада мұсылман адамның зайырлы қоғамдағы орны мен ұстанымы және деструктивті  діни ағым өкілдерінен сақтану жолдарын жеткізу мәселелерін талқылады.

Конференцияның қадірлі қонақтары ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы «Дін мен дәстүр», Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы «Деструктивті діни ағымның қоғамға зияны және діни оңалту жұмысының маңызы», Қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Нұрсұлтан Сәбитұлы «Дін мен қоғамның байланысы»,  Жастар ісі секторының жетекшісі Бағыжан Ерболатұлы «Жастар – елдің рухани күші», БҚО инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр «Қазақ қоғамындағы мұсылмандық жолы» тақырыбында аясында баяндамалар оқылып, дәстүр және сабақтастық тақырыбында баяндама жасады. Ізгі қоғамдағы дәстүрлі Исламның дамуы жайлы кең көлемде баяндады.

Айта кетейік, аймақтық конференцияға қала және аудан имамдары, дін саласындағы білікті мамандар, «Орал» медресе-колледжінің ұстаздары мен студенттері, ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру