Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Өңір асабаларына арналған жиын өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 03.10.2023 1411 0 пікір
Жамбыл: Өңір асабаларына арналған жиын өтті

ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» мешітінде «Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» тақырыбында асабаларға арналған жиын өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «дін мен дәстүр» бағыты аясында өткен шараға Жамбыл өңірінің той басқарып жүрген өнерлі азаматтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы сөз бастап, той-томалақ өткізудің әдебі, шариғаттан аттамау турасында тілге тиек етті. Жиындарда асабалар тарапынан өткізілетін түрлі ойындарда елдің әуреті ашылып қалмауын, бөтен ер мен әйелдің ерсі билеріне жол бермеуге шақырды.

Шарада Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің Төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев баяндама жасап, асабаларға түрлі мысалдар мен көненің көзін көрген қариялардың аталы сөздерін жеткізіп: «Асаба болу оңай емес. Өйткені сіздер тек ойын-күлкімен той өткізіп қоймай, тәрбие беретін жиындарды басқарасыздар. Сондықтан әдептен озбай, түзу сөз айтып, дұрыс жай-күй қалыптастыру сіздерге артылған жүк» - деп атап өтті.

Дәстүрлі жиындар жүргізушісі, асаба Саламатхан Мәдіхан, журналист, ақын Есет Досалы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев та сөз алып, көпшілік жиындағы әрбір іс, әрбір сөз үшін Алланың алдында жауап беретінімізді еске салып, асаба басқарған жиынның салмағы туралы айтып өтті.

Көпшілік те өз ойларын қосып, ортада көтерілген сұрақтар бойынша мәселелер жіліктеліп, түйіні тарқатылды. Шараға қатыстандар өз ұсыныстарын білдіріп, жиын-тойларда болған оқиғалар мен өнеге, асабалар бірігіп той мәдениетіне енгізуге тиісті жайттардың шешімі қарастырылды.
   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру