Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе қаласының имамдары мен ұстаздарының біліктілігін арттыруға арналған 4 күндік семинар өтті.
Семинардың қорытынды жиынында облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы шара ҚМДБ-ның 2023 жылғы жоспарына сай ұйымдастырылғанын айтып, дін мамандары үшін семинардың маңыздылығына тоқталды. Ал семинарда дәріс оқыған облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов тәжуид қағидаларының ерекшелігін баяндап, әдіс-тәсілдерді үйретті. Ұстаз ретінде әрдайым Құран тапсырып тұрудың маңыздылығына байланысты кеңес берді.
Сонымен қатар Бекжан қари 4 күн бойы әр қатысушының Құран оқуын тексерді. Одан өзге толыққанды семинарға қатысқандарға облыстың бас имамы атынан сертификат табысталды. Айта кетсек, семинар алдағы уақытта да жалғасын табады.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
02.10.2023
3128
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру