Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ауылда шығарма байқауы ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 02.10.2023 1093 0 пікір
Маңғыстау: Ауылда шығарма байқауы ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында мектеп оқушылары арасында «Әке арманы» тақырыбында шығарма байқауы өтті.

Ауылдағы бес мектептің оқушылары қатысқан шығармашылық байқауында I орынды №9 мектептің 8 «Ғ» сынып оқушысы Жолдыбай Гүлназ жеңіп алса, ІІ орын №15 мектептің 10 «В» сынып оқушысы Шавбай Ұлболсынға, ал ІІІ орын осы мектептің 10 «А» сынып оқушысы Рахметбай Толғанайға бұйырды. «Кендірлі ауылдық мәдениет үйінде» өткен марапаттау рәсімінде жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мараппаттау кешінде «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы ата-ананың қадірі жөнінде уағыз-насихат айтып, жүлдегер оқушылар шығармаларын оқып берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру