Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарияларға құрмет көрсетілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 01.10.2023 1213 0 пікір
Қарияларға құрмет көрсетілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарияларды 1 қазан – қарттар күнімен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Іс-шарада қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы жасы үлкен қарияны сыйлаудың маңызы, қоғамдағы айрықша орны жөнінде айтып, қазыналы қарттарға амандық тіледі. Сондай-ақ елордада орналасқан «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қарияларға қажетті 20 төсек орын мен 5 оттегі оксигенаторын табыстады.

«Зекет және қайырымдылық» қоры ұйытқы болған тағылымды шарада «Шабыт» ұлттық өнер академиясының «Эстрада өнері» кафедрасының студенттері өнер көрсетіп, егде жастағы ата-әжелерді құттықтады. Шара соңында дастарқан жайылып, қарияларға құрмет көрсетілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру