Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Шәкірттерге салт-дәстүр сабақтастығы түсіндірілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.10.2023 1415 0 пікір
Шымкент: Шәкірттерге салт-дәстүр сабақтастығы түсіндірілді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында  «Шымкент» медресе-колледжінің жоғарғы курс студенттеріне «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында семинар дәріс ұйымдастырылды.

 Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы мен «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың ортақ жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты өкілі Самат Анарбаев арнайы қатысып, шәкірттерге мүфтият тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітаптарынан дәріс оқыды.  Өте әсерлі өткен кездесу барысында шәкірттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, мол мағлұматтарға ие болды.

Айта кетсек,  «Шымкент» медресе-колледжінің  медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың айтуынша осы бағыттағы жұмыстар оқу жылы аяқталғанша айына екі рет тұрақты өткізілетін болып шешілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру