Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: «ИСЛАМ – ІЗГІ ҚОҒАМ БАСТАУЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 01.10.2023 1207 0 пікір
АЛМАТЫ: «ИСЛАМ – ІЗГІ ҚОҒАМ БАСТАУЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен «Ислам – ізгі қоғам бастауы» тақырыбында имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

ҚМДБ бекіткен жылдық жоспар аясындағы семинарды модератор, шаһар бас имамы Төлеби Оспан ашып, «Дін қызметінің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Имамдардың, ұстаздардың, жалпы мешіт қызметкерлерінің діни қызмет этикасы мен негізгі міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын атап өтті. Семинарға қала мешіттеріндегі наиб имамдар, ұстаздар мен азаншылар және молдалар қатысты.

Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Қыдыр «Руханият: Бабтардан ишандарға дейін» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен бірге Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы Ерғали Алпысбаев «Заманауи фиқһ» тақырыбында дәріс өткізді. РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы «Тәңіршілдік» турасында баяндап, жат діни ағымдармен күресуде әдіс-тәсілдерді бөлісті. Осындай өзекті тақырыптар талқыланған семинар-кездесулер ізгі қоғам құрылымына негіз болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру