Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Әлихан Бөкейхан ауданындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.
Қазіргі уақытта аталмыш ауданда бой көтеретін құлшылық ордасының сыйымдылығы 200 адамға арналған. Салтанатты іс-шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлері қатысты.
Облыс бас имамы құрылыс алаңы басында мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.
Мешіт жергілікті тұрғындар мен демеуші азаматтардың қаржылай көмегі негізінде салынады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
29.09.2023
3369
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру