Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жетісу» мешітіне имам тағайындалды

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 29.09.2023 1566 0 пікір
«Жетісу» мешітіне имам тағайындалды

Бүгін қасиетті жұма күні Талдықорған қалалық «Жетісу» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Облыс бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы қасиетті жұма күні қалалық «Жетісу» мешітінде «Құмар ойын құрдымға кетіреді» тақырыбында жұма уағызын айтты. Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен аталмыш мешітке бас имам болып тағайындалған Мадияр қари Қайратбекұлын жиылған жамағатқа таныстырды. Осы уақытқа дейін бас имам болып қызмет атқарған Болат Сағынғалиұлына алғыс білдіріп, жергілікті жамағат иығына шапан жауып, ақсақалдар батасын берді.

Еске сала кетсек, Болат Сағынғалиұлы бұдан былай облыстық мешітте Жетісу облысы бойынша іс басқарушы болып қызмет атқарады. Мадияр Қайратбекұлы ұзақ жылдар бойы облыстық мешітте ұстаз, наиб имам, «Қарилар даярлау орталығы» қайырымдылық мекемесінде басшы болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру