Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мешітте «Алғашқы көмек көрсету» семинары өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 29.09.2023 1218 0 пікір
Бас мешітте «Алғашқы көмек көрсету» семинары өтті

Осы аптада елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырған «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІ республикалық еріктілер форумы аясында бірнеше семинар өткен болатын.

Солардың бірі Республикалық бас мешітте еріктілерге арналған «Алғашқы көмек көрсету» тақырыбында ұйымдастырылды. Семинарда Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы» орталығының мамандары дәріс оқыды.

Алапат өрт, су тасқыны, көп адамның зардап шегуіне әкеп соқтыратын тасжолдағы көлік апаты. Бұл жағдайлардың бәрінде жедел медициналық және психологиялық көмек қажет. Мұндай оқыс оқиға кезінде адамдардың өмірін құтқарумен Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімі «Апаттар медицинасы орталығы» айналысады. Апаттар медицинасы – жай ғана жедел жәрдем емес, экстремалды жағдайдағы медициналық көмек. Ол 1994 жылы құрылған. Орталық мамандары табиғи апаттар, технологиялық және көлік апаты, жер сілкінісі, лаңкестік әрекет кезінде халыққа жылдам әрі тиімді көмек көрсету мәселесіне жауап береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру