Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: «DINTELLECT» зияткерлік сайысының үздіктері анықталды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 28.09.2023 1347 0 пікір
Абай: «DINTELLECT» зияткерлік сайысының үздіктері анықталды

ҚМДБ Жастар ісі секторының Абай облысы бойынша өкілдігі «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысын ұйымдастырды.

«Әлихан Бөкейхан» университетінде өткен додаға отызға жуық мешіт жамағаты, оның ішінде шәкірттер мен студент жастар қатысты.

Аталмыш білім сайысы алты турдан тұрды. Бастапқы турда қатысушылар тест форматындағы сұрақтарға жауап берсе, екінші тур сөзжұмбақтармен жалғасты. Ал үшінші турдың сұрақтары фото, аудио, видео түрінде берілді. Кейін төртінші тур «Тақырып не?» деп аталып, бұл турда 5 сұрақтың жауабы бір тақырыпқа қатысты болды. Бесінші тур логикалық сұрақтарға арналса, соңғы турда күрделенген діни сұрақтар берілді.

Сайыс нәтижесі бойынша «Тыныбай» мешітінің командасы 3-орынды иеленсе, «Мәуліт» команда шәкірттері 2-орынға жайғасты. «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысының бас жүлдесін Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің «Болашақ дәрігерлер» командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаз командалардың барлығына қаржылай сыйлықтар беріліп, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, білім сайысына қатысқан басқа командаға да ынталандыру сыйлығы берілді. Ойлы жастарға облыс бас имамы Асқар Әбітайұлы қызықты да тартысты өткен сайыс үшін алғысын білдіріп, жеңімпаз командаға сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, облыстық «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысында үздік деп танылған команда республикалық бәсекеде бағын сынайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру