Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мешітінің бас имамы тағайындалды.
ҚМДБ Төрағасының бұйрығын жергілікті мешіт жамағаты алдында облыс бас имамы оқып, жаңадан тағайындалған дін қызметкері Марал Иманғалиды көпшілікке таныстырды. Ол – бұған дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.«Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі. Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында, сондай-ақ Мысыр Араб Республикасының әл-Азһар университетінде 2 айлық курс оқыған.
Облыс бас имамы Марал Ермекбайұлына сәттілік тілеп, ақсақалдар батасын берді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
28.09.2023
2745
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру