Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада Мәуліт кеші өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 27.09.2023 1554 0 пікір
Қызылордада Мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен мерейлі Мәуліт кеші өтті.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада өткен рухани жиынға аудан және қала мешіттерінің имамдары мен жамағаты арнайы  қатысты.

Кеш барысында Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолданып, қалалық «Әл-Уәли» мешітінің имамы Батырбек Тұрғанбекұлы Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір-тарихына шолу жасады.

Рухани кеште әсерлі уағыздар айтылды, күмбірлеген күй тартылып, жыр-термелерден шашу шашылды. Сонымен қатар, Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қонақтарды берекелі мерекемен құттықтап, үнемі игі істердің басынан табылатын, мешітке жанашыр, белсенді азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру