Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Әйел жамағатына арнайы семинар өтті

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 27.09.2023 1418 0 пікір
Астана: Әйел жамағатына арнайы семинар өтті

Астана қаласындағы «Әл-Фаттах» мешітінің ұйытқы болуымен әйел жамағатына арналған «Ерін сыйлаған – есікте қалмас» тақырыбында семинар өтті.

«Әзірет Сұлтан» және «Әл-Фаттах» мешітінің ұстазы Зарина Шамидуллақызының жетекшілігімен өткен семинарға қала мешіттерінің шәкірттері мен белсенді әйел жамағаты қатысты. Сондай-ақ, семинар жұмысына белгілі психолог Гүлнұр Темірбекқызы да шақырылып, қатысушыларға жанұядағы әр мен әйелдің рөлі жайында тұшымды насихат айтылды.

Мешіт бас имамы Бағдат Абдукаримовтың қолдауымен семинар соңында әйел жамағатына дастархан жайылып, Мәуліт айының құрметіне салауаттар айтылды. Семинарға жиналған әйел жамағаттың құптауымен мешіт жанынан «Әжелер мектебі» құрылып, алдағы уақытта атқаратын іс-қызметтерінің бағыты айқындалып, оларға толайым табыстар тілеп, шашу шашылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру